Желіде әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдәнің түрме сахнасында өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Мұрат Әбділдәнің ән айтып тұрған сәтінен видео жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, колонияда шағын концерт ұйымдастырылып, блогер сахнада өнер көрсеткен. Қазір ол жазасын Шымкенттегі №54 мекемеде өтеп жатыр.

“Ассалаумағалейкүм, құрметті бауырлар. Бүгін Шымкент қаласы №54 мекемеде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар ұйымдастырыла берсін, аман болайық”, – дейді ол.

Сондай-ақ Мұрат Әбділдә еркіндікке шыққан соң қайтадан шығармашылыққа оралатынын айтады.

“Түрмеден шыққаннан кейін шығармашылықпен, әндеріммен айналысамын, бірнешеуін дайындап қойдым. Жақсы жаңалықтар күтіңіздер”, – деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qaimaq media • Stan.kz (@qaimaq.media)