Құжаттар 10-14 қараша аралығында “Kezekte.kz” платформасы арқылы қабылданады.
Атырау облысында әлеуметтік кәсіпкерлер мен “Бір ауыл – бір өнім” жобасының финалистері үшін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Перизат Таңатованың айтуынша, өтінішпен бірге қажетті құжаттар топтамасын тапсыру міндетті.
Былтыр аталған бағдарлама аясында жалпы құны 106 млн теңгені құрайтын 16 кәсіпкерлік жоба қолдау тапқан. Ал, қазіргі таңда өңірде әлеуметтік субъектілер тізіміне енген 72 кәсіпкер бар.