Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта қатар жүзеге асырылады.
Құрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz атты арнайы сайтты іске қосты. Бұл платформа арқылы еліміздің мұсылман жамағаты Құрбан шалу рәсімін қашықтан, онлайн форматта орындай алады.
Игі бастама әсіресе ірі қалаларда тұратын жамағатқа үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта қатар жүзеге асырылады.
"Онлайн құрбан шалуға ниетті азаматтар аталған сайтқа кіріп, құрбандық малын таңдай алады. Қажетті төлемді Kaspi QR арқылы оңай аударуға мүмкіндік бар. Қой мен ешкіні – жеке адам, ал ірі қара мен түйені – бір немесе жеті адам бірігіп шалуға болады. Тапсырысыңыз сәтті рәсімделсе, ұялы телефоныңызға смс-хабарлама келеді. Құрбан шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша жұртты Құрбан айт күнгі қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырады. Қасиетті күнде құрбан шалып, мұқтаж жандармен сауап бөлісейік!" – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді – ҚМДБ
Еске салайық, биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Арапа күні – 5 маусым.
"Ислам дінінде зул-хижжа айының алғашқы он күні ерекше қасиетке ие. Бұл күндері құлшылыққа, ізгі амалдар мен дұға-тілектерге көбірек көңіл бөлген жөн. Хадистерде осы кезеңде жасалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Арапа күні – Құрбан айттың алдындағы күн. Бұл күні ораза ұстау – сүннет", – делінген ҚМДБ хабарламасында.