Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс өндірісте тұр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ешкім күдікті деп танылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау керек. Басқа ақпарат айта алмаймын", — деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.
"Бұл істе Нұржан Нұрлановтың мәртебесі қандай?" деп сұрады.
"Біз оны күдікті деп таныған жоқпыз. Одан куәгер ретінде жауап алынуы тиіс. Жауап алынған соң және басқа да деректер анықталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі. (...) Менің білуімше, ол елден тыс жерде", — деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.
Айта кету керек, осыған дейін Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша күдікке ілінгенін жазған болатынбыз.