Астанада Үркер-2025 сыйлығының иегерлері анықталды. Осымен 8-ші рет ұйымдастырылған байқауға радио, баспасөз, интернет-журналистика саласы өкілдерінен 400-ден астам өтінім келіп түскен.

Сәйкесінше 11 аталым бойынша 44 үміткер шорт-листке ілігіп, номинант атанды. Солардың арасынан «Үздік подкаст» номинациясы бойынша LS stories бағдарламасының жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы мен Ұлтусын Көшкінбайқызы «Үркер» сыйлығын иеленді.

Ұлтусын Көшкінбайқызы, «Үркер-2025» байқауының жеңімпазы:

- Қуанып тұрмын. Ойламаған жерден маған үлкен сый болып жатыр. Барлығына рахмет айтамын. Сахнаға шығамын деп ойламадым. Кішкене қуандым да, қорықтым да. Біз отбасылық құндылықтар туралы жақсы отбасыларды жарыққа шығарып, эфирден көрсетіп жатырмыз. Жастарға айтарым отбасын сақтаңыздар, балаларды қорғаңыздар.