Елімізден бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу мерзімі 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, министрлік бұқашықтарды шетелге шығаруға тыйым салуды ұзарту және қошқарларды экспорттауға жаңа квоталар енгізу туралы екі бірдей бұйрық қабылдаған.

Жаңа ережелерге сәйкес, 4 айдан асқан қошқарларды экспорттауға арналған квоталар 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін қолданылады. Квота көлемі – 120 мың бас, оның ішінде:

  • бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілерге – 60 мыңнан бөлінеді;

  • бір бордақылау алаңына арналған шектеу оның қуатының 30%-ынан аспауы тиіс;

  • бір тауар өндірушіге – квотаның қолданыс мерзімінде 500 бастан аспайды;

  • қуаттылығы 5 мың бастан асатын бордақылау алаңдарына бүкіл кезеңге 1,5 мың қошқардан артық экспорттауға рұқсат етілмейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, екі бұйрық та 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап күшіне енді.

Еске салайық, бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу алғаш рет 2024 жылдың 15 мамырында енгізілген болатын. Енді ол тағы бір жылға, 2026 жылдың көктеміне дейін ұзартылды.