Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупін болдырмау шаралары атқарылуда.
Қазір елорда өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданындағы Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан көтерме-бөлшек сауда базарларының бірінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру тобы мен арнайы техника жұмылдырылған.
Өрттің шығу себебі мен зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда, – делінген ведомствоның хабарламасында.