Қазан айында Қазақстаннан Германияға экспортталған мұнай көлемі 25 пайызға өсті.

"ҚазТрансОйл" АҚ мәліметінше, өткен айда "Дружба" мұнай құбыры арқылы "Адамова застава" бағытында 225 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компания дерегіне сай, қыркүйек айында бұл көрсеткіш 180 мың тонна болған.

– Қараша айында да Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес, нақты тапсырыстар түскен жағдайда, қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізу жалғасады, – делінген "ҚазТрансОйл" хабарламасында.