Ауғанстандағы жер сілкінісі оңтүстік өңірлерде байқалды.
Түнгі сағат 01:29-да Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сейсмикалық станциялар желісі тіркеген деректерге сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің күші екі балды құрады. Тербелістер Шымкент қаласында және Түркістан облысының бірнеше ауданында сезілді:
- Мақтаарал ауданындағы Мырзакент кентінде;
- Жетісай қаласында;
- Шардара қаласында.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: Түркияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды: екі ғимарат қирады