Қостанай облысында такси қызметі ретінде жасырынып, интимдік қызмет көрсетуді және жеңгетайлықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды .

Кейбір қыздарды қорқытып, бопсалау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

"Қыздарды қаладағы 12 саунаға жеткізіп отырған. Мекемелердің әкімшілері мен ақылы интимдік қызмет көрсеткен адамдар анықталды", – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Қылмыскерлер ауылдардан шыққан, тұрмысы төмен және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан жас қыздарды таңдап отырған. Оларды жалдамалы пәтерлер мен гараждарда ұстап келген.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бірқатар күдіктілер ұсталды, ал қалғандарына қатысты процессуалдық шаралар қолданылды.