Шамамен 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады .

Елімізде тау-кен саласында жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын 5 жоба іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев KGIR-2025 жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстелінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, былтыр тау-кен, металлургия салаларының үлесі елдің ЖІӨ-нің 8%-ына тең болды, ал жалпы өндіріс көлемі 29 млрд доллардан асқан. Оның 21 млрд доллар болатын бөлігі экспортқа шығарылған.

"Бұл салаға инвестициялар 3,6 млрд долларға жетті, ал жақында 5 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны 6 млрд доллардан асады, бұл шамамен 8 мың жаңа жұмыс орнын құруға септігін тигізеді", – деді ведомство басшысы.