Қайрат Нұртастың концерті 31 қазан сағат 19: 00-де Орталық стадионда өтеді.
Алматы қаласының полицейлері 31 қазан күні Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол кептелістерінің алдын алу мақсатында Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылыстарында көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция өкілдері атап өткендей, қабылданған шаралардың негізгі мақсаты – мәдени іс-шара кезінде көрермендер мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жастар арасында ішімдік пен есірткіге қарсы профилактика күшейді – полиция
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың концерті 31 қазан күні сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
 
                         
                                             
                                             
                                            