Оқиға Төлеби ауданындағы Ақайдар ауылында болған.

Ер адам жылқы сойғанда сібір жарасын жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолына жара шыққан науқас дереу ауруханаға жатқызылды. Зертханалық тексеру нәтижесінде сібір жарасын жұқтырғаны анықталды.

Онымен байланыста болған 10 адам дәрігерлердің бақылауынан өтті, бірақ ешбірінен ауру белгілері табылған жоқ.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тексеріс жүргізу нәтижесінде сойылған малға екпе салынбағаны белгілі болды.

Жылқы еті таратылмай, толық залалсыздандырылды.