Екібастұзда бойжеткен азаматтық жұбайын жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Әлеуметтік желілерде Екібастұзда болған адам өлтіру оқиғасы туралы ақпарат тарады. "Экибас в теме" Telegram арнасының хабарлауынша, оқиға 28 қазанда "Әсет" дүкенінің маңында болған. Жанжал кезінде қыз азаматтық жұбайын жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде:

"Адам өлтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеудің мақсаты – оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау. Күдікті анықталып, ұсталды және Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.