Танымал кино және театр актёрі Жасұлан Әйтеннің "Әкеңнің баласы" фильмінде түсу барысында әкесі дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Келінжан» телесериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Достар, мен “ӘКЕҢнің БАЛАСЫ” фильміне, актёрлерге, түсірілім барысы жайлы да әңгімелеп отыруды жөн көрдім. Әр адамның артында тағдыр тұрады, сол сияқты әр актёрдің де кинода өз жолы, өз драмасы бар", — деп жазды ол.
Продюсердің айтуынша ол фильмдегі соңғы сахнасын ойнап жатқанда суық хабар алған. Алайда ешкімге тіс жармай, соңына дейін қайғысын ішіне жұтып, ойнап шыққан. Ешкімге ештеңе білдірмеген. Алайда әкесіне жетіп, қоштасып үлгермепті.
Қайғылы хабарды естіген қазақстандықтар әлеуметтік желіде актёрге көңіл айтып, отбасына сабыр тілеуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀Гүлнұр Мамасарипова (@gulnur_mamasaripova)