Александр Стубб «Күштер теңгерімінің өзгеруі: сыртқы саясаттағы құндылықтар, мүдделер және билік » тақырыбында сөз сөйледі.

Ол орта державалардың ролі, қазіргі заманғы әлемнің құндылықтары мен Финляндияның білім беру жүйесі жайлы әңгімеледі. Экономикалық әділет пен климаттың өзгеру проблемасына да тоқталды. Сондай-ақ Суоми елінің басшысы өзінің табысқа жету жолымен бөлісіп, студенттердің сұрағына жауап берді. Александр Стуббтың дәрісі оның Қазақстанға ресми сапары барысында өтті. Шараға Ғылым және жоғары білім министрі мен сарапшылар, қазақстандық және шетелдік журналистер қатысты. Бұған дейін осы жоғары оқу орнында Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Германияның экс федералды канцлері Олаф Шольц және Нидерландының экс-Премьер-министрі, НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің дәрістері өткен болатын.