Елде ақылы жолдардың ұзындығы 5,2 мың шақырымға жетті .

Биыл бюджет шығыстарын тиімді пайдалану мақсатында ел аумағында жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 10 жаңа жол учаскесінде ақылы жүйе енгізілді, деп хабарлады Үкімет.

2025 жылы барлық санаттағы шамамен 13 мың шақырым автожолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде:

  • 2,2 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдар салынды және реконструкцияланды;
  • 6,6 мың шақырым республикалық желіде күрделі және орташа жөндеу жасалды;
  • 4,1 мың шақырым жергілікті жолдар жаңартылды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында 12 адам қаза болған жол апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды


Нәтижесінде ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайды.

Жыл соңына дейін тағы 6,1 мың шақырым жолда құрылыс, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары аяқталады.