25 қазан күні түнде Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.
“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”, – деп хабарады ведомство.
Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті өрттің сағат 23:50-де сөндірілгенін хабарлады.