Ош қаласында қайғылы жағдай болды .

Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 13, 11, 9, 6 және 2 жастағы балалары қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты

Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз орталығының мәліметінше, 22 қазан күні таңғы 05:52 шамасында Орозбеков көшесіндегі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт тұрғын үйдің жертөлесінде сағат 03:30 шамасында басталғаны белгілі болды.

Алапат өрт қысқа уақыт ішінде шатырға дейін таралған. Өрт сағат 6:25-те оқшауланды. Үйден 34 жастағы әйел мен 5 баланың денесі табылды.

Марқұм әйелдің күйеуі Оңтүстік Кореяға жұмысқа кеткен екен. Болжам бойынша, өрт электр пешінен шыққан.