Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамуда.

22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табысты өзара іс-қимыл – екі ел көшбасшылары арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі.

Бұған дәлел – Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға өткен жылғы мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге 12 қарашада жоспарланған мемлекеттік сапары.