Нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев елімізде туу көрсеткіші төмендегенін айтты.
Бұл туралы ол “Ой-лайық” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Қыз баласы диплом алып, жұмыс жасай бастаған кезде қаржылай тәуелсіздікке жетіп, туу көрсеткіші төмендейді. Бұл енді сондай парадокс. Бізде оңтүстікте туу көрсеткіші өте жоғары. Орта есеппен 4-5 баладан табады. Астанаға келген кезде туу көрсеткіші төмендейді. Ұлт сақталу үшін туу көрсеткіші 2,2 болу керек. Қазіргі таңда біз 2,2-ден төмен түстік. Коронавирус кезінде бәрі үйде отырып қалды. Соның арқасында бізде бэби бум болды”, — деді дәрігер.