" Қайрат " алғашқы ұпайын еншіледі.
Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші турда өз алаңында Кипрдің "Пафос" командасымен 0:0 есебімен тең ойнады.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесуде қос команда да гол соға алмады. Матчтың алтыншы минутында "Пафос" ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды, алайда "Қайрат" сан басымдығын пайдалана алмады.
Ойын Астана уақытымен 21:45-те басталып, республикалық Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Бұған дейін "Қайрат" "Спортингке" 1:4 есебімен, ал мадридтік "Реалға" 0:5 есебімен есе жіберген еді. Өз кезегінде "Пафос" "Олимпиакоспен" 0:0 есебімен тең түсіп, "Бавариядан" 1:5 есебімен жеңілген болатын.
Оқи отырыңыз: "Қайрат" пен "Пафос" ойыны: Алматыда жолдар жабылып, қосымша автобустар іске қосылады