Астана мен СҚО-да газ тапшылығы болмайды.
Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Бұған дейін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде "көгілдір отын жетіспеушілігі болуы мүмкін" деген ақпарат тараған. Ведомство мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Министрлік атап өткендей, Орынбор газ өңдеу зауыты жұмысының тоқтатылуы Қазақстанға кері әсерін тигізбеген. Мұнымен қоса импорттық келісімшарттар аясында тұрақты түрде газ жеткізу, тұтынушыларды қамтамасыз ету шаралары атқарылып отырмақ. Сондықтан ішкі нарықта, соның ішінде елордалық жылу электр орталықтарында газ тапшылығы тіркелмеген деді жауаптылар.