Қазақстандық танымал актёр Дәурен Серғазин алғаш рет мюзикл жанрындағы фильмге түсіп , ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
Актёр «Қызық Times» бағдарламасында қонақта болып, жаңа шығармашылық қадамы туралы айтты. Оның сөзінше, «Бақыттың құшағында» атты мюзикл — актёр үшін тың тәжірибе болған.
«Басында бәрімізде қорқыныш болды. Себебі режиссёрдің бұл — алғашқы жобасы еді. Сол себепті аздап сенімсіздік болды. Бірақ мюзикл жанры өзімізге қызық болғандықтан келістік. Түсірілім де ерекше өтті. Шәмші Қалдаяқовтың өмірі менің шығармашылығыммен тікелей байланысты. Бұған дейін басқа кинода Шәмші атамызды сомдасам, бұл мюзиклда оның әндерін орындадым», — деді Дәурен Серғазин.