Жамбыл облысында әскерилер 116 бас ірі қараны шекарадан заңсыз өткізбек болғандарды ұстады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпарынша, жыл басынан бері шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары аясында бірнеше заңсыз әрекеттің жолы кесілді . Тек Түркістан облысының өзінде 47 құқық бұзушылық фактісі тіркелген. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында да жылқыларды шекарадан заңсыз айдап өтпек болғандар дер кезінде анықталып, жауапкершілікке тартылды. Бүгінде шекарашылар тәулік бойы күзет қызметін атқарып, заңсыздықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Динара Жарқынбек