Зардап шеккен ер адамның дауысын естіген көршілері дереу 112 нөміріне хабарласқан.
Құтқарушылардың көмегімен ер адам жертөледен құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарағанды қаласы Новоселов көшесіндегі гараж аумағында оқыс жағдай орын алды. 1971 жылы туған ер адам гараждың жертөлесіне құлап, өздігінен шыға алмай қалған.
Оның дауысын естіген көршілері бірінші болып 112 нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары ер адамды жертөледен шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.