Парижде Наполеонның қылышы рекордты сомаға сатылды.

Әйгілі қолбасшының қаруы 4 миллион 700 мың еуроға өткен. Жәдігер бастапқыда 700 мың еуро деп бағаланған екен. Аталған қылышты Наполеон 1802-1803 жылдары Николя-Ноэлем Буте деген ұстаға арнайы жасатқан. Патша оны биліктен қуылғанша қолында ұстаған. Кейін қылыш Эммануэль дэ Груши деген маршалға сыйға беріліп, соның әулетінде сақталып келген.