Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының Жалал-Абад облысындағы Жалал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды. Заңға бір күн бұрын қол қойылған.
"Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайтуға және Жалал-Абад қаласына халық қаһарманы, қырғыз халқын түрлі басқыншылықтардан қорғаушы ұлы Манастың есімін беруге бағытталған", — делінген хабарламада.
Заң ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз