Қар мен нөсер жаңбыр Қазақстанға қайта оралады. Бұл туралы алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 27 мамырға арналған ауа райы болжамында айтылады , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана күтіледі.

"Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады... Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады"."Қазгидромет" РМК

Сондай-ақ, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі.

"Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола, Қостанай облыстарының шығысында топырақ беті қатып, 1-2°С суық болады, үсік жүреді деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай да қауіпті құбылыстар туралы ескертеді:

  • өрт қаупі жоғары - Жетісу облысының шығысында, Қызылорда өңірінің орталығында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің батысында, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Қызылорда өңірінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлейтті, тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысында, Абай өңірінің оңтүстігінде және Ұлытау облысында.