Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа баратын медицина мамандарына әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына биыл 1009 медициналық маман жұмысқа орналасты. Баспасөз жиынында сөйлеген сөзінде спикер аймақтардағы кадр тапшылығы мен дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларына ерекше тоқталды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы арқылы медицина қызметкерлеріне түрлі жеңілдіктер ұсынылуда. Жас мамандарға көтерме жәрдемақы, төмен пайыздық мөлшерлемемен берілетін тұрғын үй несиелері, жалақыға қосымша үстемақы және басқа да әлеуметтік қолдау түрлері қарастырылған, – деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап ауылға барған тапшы мамандық иелеріне 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни шамамен 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі.

Ал 2026 жылға қарай кадр тапшылығы аса өткір сезілетін өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табуы жоспарланған.