Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады .

Алматы облысындағы "Сокол" саяжай қоғамының аумағында балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушы жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.