Олар уақытша изоляторға қамалды.
Алматыда полиция қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп, елден ақша бопсалап жүрген үш полицейді ұстады, деп хабарлайды ІІМ.
Арнайы операция барысында күдіктілерден "Полицияға жәрдемдесу жасағы" атты қоғамдық бірлестіктің жалған қызметтік куәліктері, кісендер және ақша қаражаты тәркіленді. Олар бопсалаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, қолма-қол немесе банк арқылы ақша беруді талап еткен.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот олардың қамауда болуын санкциялады. "Бопсалау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген полиция хабарламасында.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев мұның Алматыда жыл басынан бері тіркелген үшінші осындай жағдай екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетел азаматы ұсталды
"Мұндай фактілер сенімге күдік келтіреді, сондықтан біз мұндай әрекеттерді қатаң түрде тоқтатамыз. Нағыз полиция қызметкерлері тек заң аясында әрекет етеді", – деді ол.
Полиция қала тұрғындарын өзін полицеймін деп таныстыратын адамдардың әрекетіне күмән туған сәтте бірден "102" нөміріне қоңырау шалуға шақырды.