Ресейдің халық әртісі Алла Пугачёва Екатерина Гордееваға берген сұхбатында еліміздің Семей өңірін де әңгімеге қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің бауыры Семейде әскери қызметке болған көрінеді.

“Інімнің мінезі қиындау еді. Оның үстіне ҰҚҚ-ның қызметкері болды. Өлі балалар дүниеге келген Семейдегі Қытай шекарасында (полигонды айтып отыр – ред.) қызметте болды. Бірақ қандай ді бір себеппен Ауғанстанға соғысқа аттанады. Жарылыс басталғанда олар қол ұстасып, жасырынған. Менің інімнің қасындағы солдаты жараланып, бір ғана қолмен қалған. Қазір соғысып жүрген адамдардың жарақатын елестетіңіз”, – деп сөзін бастады әнші.

Әлем жұлдызының сөзінше, туған бауыры ерекше болып өскен. Әскери қызметкер болу арманы болған, бірақ бала күнінде алған жарақаты мүмкіндік бермеген.

“Мектеп бітірер кезде “Қар ханшайымы” қойылымын қояды. Сюжеті бойынша оған пышақ ұстаған бала жүгіреді. Пышақтың сырты картон еді, бірақ оны ешкім абайлау керегін ескертпеген. Сол жерде бармағын кесіп алады. Осы оқиға оның арманын күл-талқан етті. Ол шет тілдерін білетін және шет тілдері әскери институтына түсуді жоспарлаған еді. Денесін жарақаттап алғасын, әскери училищеге қабылданбады. Өте қатты қиналды. Анам өзін кінәлі сезінетін. Менен бір жасқа кіші болса да, ерекше болды. Өлең жазатын. Әртістік қабілеті де мықты еді. Бір үйдің екі баласы, бірақ тағдыры мен өмір жолы әртүрлі. Менің жолым болып, жұлдызым жанды. Інімнің тағдыры басқаша болды”, – деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NewTimes.kz (@newtimes_media)