АҚШ-тағы Миннеаполис қаласында мектепте оқ атылып, екі бала көз жұмды.
Тағы 17 адам жараланды. Қайғылы оқиға мектеп шіркеуінде болған. Күдікті 23 жастағы бейтаныс ер адам ұсталды. Қылмыскер бірнеше рет оқ атқаннан кейін өзіне қол салмақ болған. Полиция шабуылды лаңкестік әрекет деп бағалады. Елде аза тұту жарияланып, мемлекеттік мекемелерде ту төмен түсірілді.