Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар жолдағы учаскеде екі сағатқа көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, бүгін республикалық маңызы бар "Ақтөбе – Қандыағаш" автокөлік жолының 87+100 шақырым аралығындағы учаскесінде электронды ақпараттық экран мен бақылау аркасын орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі.

"Соған байланысты 2025 жылғы 26 тамыз сағат 12:00-ден 14:00-ге аталмыш жол учаскесінде Қандыағаш қаласының айналма жолынан бастап елдімекеннің кіреберісіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз" , — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз