Өрт сөндіру бөлімшелері Айнабұлақ-4 шағынауданына жіберілді.
Алматы қаласының Жетісу ауданында екі автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жеткен кезде шамамен 10 шаршы метр аумақта екі автокөліктің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.
– Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.