АҚШ Президенті Дональд Трамп 25 тамызда ел туын қорлағандарға қатаң шара енгізетін атқарушы жарлыққа қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес, туды өртегендер немесе жыртқандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Associated Press мәліметінше, жарлық Конституцияда қорғалатын сөз бостандығын шектемейді, бірақ туға қарсы жасалған әдейі әрекеттер үшін жаза қарастырады.

New York Post хабарлауынша, Трамп бұл қадамды АҚШ рәміздерін қорғау мақсатында қабылдағанын айтып, туға құрметсіздік танытқандарға қатаң жауап беру қажеттігін атап өтті.

Axios жазғандай, құжат туға қатысты әрекеттерді қылмыс санатына енгізбейді, бірақ заң бұзушылық орын алса, айыппұлсыз тікелей 1 жылға түрмеге жабу жазасы қолданылуы мүмкін.

Бұл бастама АҚШ-та пікірталас тудырды. Себебі Жоғарғы сот бұған дейін ту өртеу сөз еркіндігі аясында қорғалатынын бірнеше рет растаған болатын.