Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына түзетулер әзірледі.

Жобада азаматтарды шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі нақтыланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет арқылы алуға мүмкіндік берілмек.

Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылуға жататын қазақстандықтардың ұялы телефонына жолданған SMS хабарлама тиісті түрде ескерту түрі ретінде тану ұсынылады.

Жоба азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай тәсілдерін енгізуге бағытталған.