Қазақстандық әнші Alex Lim "Жаңа толқын — 2025" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ мәліметінше, екінші орынды "Оберег" (РФ) фольклорлық тобы иеленді, ресейлік Jummy пен қазақстандық Yernazar үшінші орынды бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от New Wave / Новая волна (@newwave_official)
Alex Lim Балқаш қаласында дүниеге келген, ол — вокалдық байқаулар мен жобалардың қатысушысы. Оның арнайы музыкалық білімі жоқ. 33 жастағы әнші "Жаңа толқын" байқауында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық болды.
21 тамызда басталған байқау Қазан қаласында өтті. Байқауға алты елден — Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан және Ресейден 13 финалист қатысты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!