Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Одан бір топ адамның көліктен түсіп, төбелеске дайындалып тұрғанын көруге болады. Алдымен, бір көлік осы топтағы бір адамды қағып өтеді, кейін екінші көлікте олардың бағытында жүріп өтеді.

– Полицейлер "ізін суытпай" 2 күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полициядан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация<\/a>