Р. Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі учаскеде А. Герцен көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты аталған учаске ағымдағы жылғы 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ішінара жабылатын болады.
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.