Жыл басынан бері алты айда ел тұрғындарының қатары 55,6 мың адамға өсіп, 0,8 пайызға артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кабар басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі тұрақты халық саны 7 млн 337 мың адам болды.

Қаңтар–маусым айларында АХАЖ органдарында 65 мың нәрестенің дүниеге келуі тіркелді. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 17,9 бала. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде көрсеткіш 19,3 болған.

Осы кезеңде 16,1 мың адам қайтыс болды. Бұл әр мың тұрғынға 4,4 адамнан келеді (2024 жылы – 4,5).

Нәтижесінде, биылғы алғашқы жартыжылдықтағы табиғи өсім 48,9 мың адамды құрады. Бұл – әр мың тұрғынға шаққанда 13,5 (өткен жылы – 14,8).

Ең жоғары табиғи өсім Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Бішкек пен Ыстықкөл өңірінде байқалды.