Астанадағы тұрғын үй лифтінде жасөспірім бетін пышақпен тілген 5 жасар балағаның анасы ұлына шұғыл көмек керек екенін айтты. Бала шетелде жасалатын емге мұқтаж, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Баланың бет жүйкесі зақымданған… Сол жақ беті жансызданып қалды”, – деп жазды баланың анасы.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы К-ның II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаныны қарамастан, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған Е-нің денесіне зақым келтіріп, оның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СБОР НА ЛЕЧЕНИЕ И РЕАБИЛИТАЦИЮ БАТЫРА ???? (@ainura_batyr_)