Биыл елордада халыққа көмір сатуға арналған 17 қойма жұмыс істейді, олардың ішінде 14 сату орны бар.

Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және жүк тиеу-түсіру техникасымен толық қамтамасыз етілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған сату нүктелерінде 8 компания көмір сату қызметін жүзеге асырады.

Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі 4/1, Герцен 6/2, Көктал 28/2, Мақат 40, Жамбыл Жабаев 76, Ахмет Жұбанов 35, Дулатов 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), учаске 9А, Герцен 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:

• Шұбаркөл – тоннасы 18 000 тг;

• Қаражыра – тоннасы 18 500 тг;

• Майкөбе – тоннасы 15 500 тг.

Еске сала кетейік, қалада "109" нөмірлі жедел желі жұмыс істейді. Онда көмірдің бар-жоғы, бағасы және сату нүктелері туралы қажетті ақпарат алуға болады.