Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews. kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында қол қойылған ке

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында қол қойылған келісімді бекітетін құжатты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады.

Келісім-шарт талаптарына сәйкес Қытай Қазақстанға 100 миллион юань (7,5 миллиард теңге немесе шамамен 14 миллион доллар) көлемінде грант береді. Қаражат Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталады.

Басқа мақсаттардың қатарында елдер арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанға қосымша инвестиция тарту бар.

Қаулы жобасы 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.