Бірақ, ол қайткен күнде де кездесуді ұйымдастыруға ниетті болып отыр.

Бұл туралы әкімшілік жағдаймен таныс шенеуніктер мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті соғысты аяқтаудағы келесі кезең – Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің екіжақты кездесуі екенін алға тартады. Ол кеңесшілеріне қос президенттің жеке кездесуінен соң ғана, үшжақты кездесу өткізуді жоспарлағанын жеткізді.

Мұны Америка басшысы WABC арнасындағы ток-шоу жүргізушісі Марк Левинге берген телефон сұхбатында сөз еткен.

– Мен тек кездесуде не болатынын көргім келеді. Олар қазір бәрін дайындап жатыр, ал біз соның нәтижесіне куә боламыз, – деді ол.

Шыны керек, Трамп екі ел арасындағы соғысты тоқтату өзі ойлағандай оңай емес екенін мойындады.

– Трамп пен оның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасы қантөгісті тоқтатып, соғысты аяқтау үшін екіжақты кездесу өткізу мақсатында Ресей және Украина ресми тұлғаларымен келісіп жатыр. Бұл мәселелерді әрі қарай жария түрде талқылау ұлттық мүддеге сай келмейді, – деп мәлімдеді Ақ үй.