Еуро 625,37 – 629,59 теңге, ал рубль 6,63 – 6,74 теңге аралығында саудаланады .
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге арзандап, 537,75 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,33 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,16 теңгеден сатып алынады, 540,05 теңгеден сатылады. Еуро 625,37 – 629,59 теңге, ал рубль 6,63 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк валюталық интервенцияға қатысты мәлімдеме жасады
Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 535,51 теңгеден сатып алынады, 542,51 теңгеден сатылады. Еуро 622,52 — 632,52 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланып жатыр.