Ол 88 жасында көз жұмды.
Америкалық танымал судья Фрэнк Каприо 88 жасында өмірден өтті. Ол ұзақ уақыт қатерлі ісікпен күресіп келген болатын.
1985-2023 жылдар аралығында ол Провиденс сотының судьясы болды. Фрэнк Каприо айрықша сот үкімдері арқылы әлеуметтік желіде «ең мейірімді судья» ретінде танымал болған еді.