Екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Ауруханаға жатқан 6 адамның екеуі бала. Ал екеуі емді стационарда қабылдайтынын айтты. Дәрігерлер барлық науқасты қарап шығып, қажетті ем тағайындады. Науқастардың жағдайы тұрақты, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, астан улану себебі тексеруден соң жарияланады.