Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .
Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.
Бір сағаттық үзілістен кейін судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты.
Сот отырысы екінші прокурор — Ерлан Құланбаевтың қатысуымен жалғасып жатыр.